Вембаньяма NBA плей-офф кезеңінде тарихи рекорд орнатты

Фото: Getty Images
Виктор Вембаньяма NBA тарихында плей-офф кезеңіңдегі бір матчта кемінде 40 ұпай мен 20 ребаунд жасаған ең жас ойыншы атанды.
22 жастағы «Сан-Антонио Спёрс» командасының тірек ойыншысы «Оклахома-Сити Тандерге» қарсы өткен матчта 41 ұпай және 24 ребаунд тіркеді. Кездесу екінші овертаймда «Спёрстің» 122:115 есебіндегі жеңісімен аяқталды.
Сондай-ақ, франциялық баскетболшы ойында үш нәтижелі пас пен үш блок-шот жасады. Вембаньяма ойын барысынан себетке 25 мәрте доп лақтырып 14-ін дәл тоғытты, оның ішінде бір үш ұпайлық орындау бар. Сонымен қатар ол 13 айып добының 12-сін сәтті пайдаланды.
Бұл матч франциялық баскетболшының мансабындағы ең үздік ойындардың бірі атанып, оған NBA плей-оффы тарихындағы ерекше жетістікке қол жеткізуге мүмкіндік берді.