«Оклахома-Сити Тандер» көшбасшысы Абдул-Джаббар мен Джорданның жетістігін қайталады

Темирлан Мажекенов ··
Фото: НБА ресми сайты

Фото: НБА ресми сайты

«Оклахома-Сити Тандер» командасының көшбасшысы Шей Гилджес-Александер NBA тарихындағы қатарынан екі маусым бойы орта есеппен матч сайын кемінде 30 ұпай жинап, тұрақты чемпионаттың ең үздік ойыншысы (MVP) атағына ие болды.

Бұған дейін мұндай жетістікке тек аңызға айналған Карим Абдул-Джаббар (1970–1972) мен Майкл Джордан (1990–1992) ғана қол жеткізген.

2025/2026 жылғы тұрақты чемпионатта Гилджес-Александер 68 матч өткізіп, барлығын негізгі құрамда бастады. Канадалық плеймейкер әрбір матчта орта есеппен 31,1 ұпай жинап, 4,3 мәрте допты тартып алған, сондай-ақ, 6,6 нәтижелі пас берді және 0,8 жиілігмен блок-шот орындады. Пайдалы әрекет көрсеткіші орта есеппен «+30,1» болды.

Еске салайық, бұған дейін NBA плей-оффының барлық жартылай финалдық жұптары анықталған еді. Шығыс конференциясының финалында «Кливленд Кавальерс» пен «Нью-Йорк Никс» кездеседі. Алғашқы матч 20 мамыр күні өтеді.

Батыс конференциясының финалында «Сан-Антонио Спёрс» пен «Оклахома-Сити Тандер» ойнайды. Олардың алғашқы кездесуі 19 мамыр күні болады.

NBA-ның соңғы чемпионы — «Оклахома-Сити».

«Оклахома-Сити Тандер» көшбасшысы Абдул-Джаббар мен Джорданның жетістігін қайталады – sport-hub