Дамир Жалғасбай Уимблдон-2026 турниріндегі өнерін аяқтады
Бөлісу

ҚТФ
Қазақстандық теннисші Дамир Жалғасбай Уимблдон-2026 жасөспірімдер турнирінің үшінші кезеңіне өте алмады.
Турнирдің екінші айналымында ITF жасөспірімдер рейтингінде 30-орында тұрған спортшы әлемдік рейтингте 51-орынды иеленген Оңтүстік Африка Республикасының өкілі Коннор Дойгпен кездесті.
Матч тартысты өтіп, 2 сағат 9 минутқа созылды. Жалғасбай алғашқы сетте жеңіске жеткенімен, кейін екі тай-брейкте ұтылып, 6:4, 6:7, 6:7 есебімен жеңіліс тапты. Осылайша, ол жекелей сында жарыс жолын аяқтады.
Еске салайық, турнирдің алғашқы кездесуінде 18 жастағы қазақстандық австриялық Тило Берманнды үш сетке созылған драмалық матчта 3:6, 7:6 (7:3), 7:6 (10:8) есебімен жеңіп, ерік-жігерінің арқасында екінші айналымға жолдама алған болатын.