Дастан Сәтбаев «Челси» сапындағы алғашқы голын соқты

Бегасыл Амирбай ··
Фото: x_@HQpcrt

Фото: x_@HQpcrt

Қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтбаев «Челси» сапындағы алғашқы голын жолдастық кездесу барысында соқты. Лондондық клуб «Вестерн Сидней Уондерерс» командасымен ойнады.

Сәтбаев матчты негізгі құрамда бастап, кездесудің небәрі 7-минутында есеп ашты. Голға оған Райан Кавума-Маккуиннің нәтижелі пасы көмектесті. Бұл доп Сәтбаевтың «Челсидің» негізгі командасына қосылғаннан кейінгі алғашқы голы атанды.

«Вестерн Сидней Уондерерске» қарсы кездесу «Челсидің» Азия мен Аустралиядағы маусым алдындағы турнесі аясындағы алғашқы ойыны болды.

Лондондық клубтың келесі қарсыласы – «Тоттенхэм». Бұл матч Сидней қаласында өтеді. Одан кейін «Челси» Гонконгта «Ювентуспен», Джакартада «Миланмен», ал Малайзияда «Джохор Дарул Такзиммен» кездеседі.