Дастан Сатпаев «Бернли» сапында ресми матчта дебют жасады

Aibar Rysdaulet··
Фото: PA Images

Фото: PA Images

Қазақстандық шабуылшы Дастан Сатпаев ағылшынның «Бернли» клубы сапында ресми матчтағы алғашқы ойынын өткізді.

18 жастағы футболшы Чемпионшиптің екінші турында «Вест Бромвичке» қарсы кездесуді қосалқы құрамда бастады. Ол 57-минутта алаңға шығып, осылайша «Бернли» сапындағы ресми матчтағы дебютін жасады.

Бұған дейін Сатпаев бірінші турдағы «Вест Хэмге» қарсы ойынға қатысушылар тізіміне енгізілмеген еді. Ол кездесу 2:2 есебімен аяқталған. Ал «Вест Бромвичпен» матч «Хоторнс» стадионында өтіп жатыр.

Сатпаев үшін бұл Лондонның «Челси» клубынан «Бернлиге» жалға ауысқаннан кейінгі алғашқы ресми кездесуі болды. Материал жарияланған сәтте «Вест Бромвич» 2:1 есебімен алда келе жатты.