Дастан Сәтпаев мансабын Ла Лигада жалғастыруы мүмкін

Бекарыс Әлімхан··
«Челси» ФК

«Челси» ФК

«Челси» және Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтпаев алдағы маусымды Испания чемпионатында өткізуі мүмкін. Қазақстандық футболшыны жалға алуға Ла Лигаға қайта оралған «Расинг» қызығушылық танытып отыр.

Transfert Radar мәліметінше, «Расинг» Сәтпаевты «Челсиден» жалға алу мүмкіндігін қарастырып жатыр. Өткен маусымда клуб Сегундада бірінші орын алып, Испания чемпионатының жоғарғы дивизионына тікелей жолдама иеленді.

Сәтпаев «Челсидің» негізгі құрамында маусым алдындағы турне барысында дебют жасап үлгерді. Шабуылшы «Вестерн Сидней Уондерерс» командасына қарсы матчта (6:4) гол соқты. Сондай-ақ «Тоттенхэмге» (1:2) және «Ювентусқа» (0:1) қарсы кездесулерде алаңға қосалқы құрамнан шықты.

«Расингтен» бөлек, қазақстандық шабуылшыны жалға алу мүмкіндігін француздың «Страсбур» және ағылшынның «Халл Сити» клубтары да қарастырып отыр.