Басты бет
·
Футбол

Дастан Сәтпаев жарақатынан кейін «Бернлимен» бірге жаттығуға оралды

Али Асетов··
Фото: Getty Images

Фото: Getty Images

Қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаев жарақатынан айығып, «Бернлидің» негізгі құрамымен бірге жаттығуға кірісті.

18 жастағы футболшы әлеуметтік желідегі парақшасында кезекті жаттығудан кадрлар жариялады. Суреттерде Сәтпаевтың командадағы серіктестерімен бірге алаңда жаттығып жүргені көрінеді. Бұл оның толыққанды жаттығу процесіне қайта қосылғанын білдіреді.

Осы маусымда қазақстандық футболшы төрт ресми матчқа қатысты. Оның үшеуі Чемпионшипте өтті. Сәтпаев «Вест Бромвич», «Норвич» және «Мидлсброға» қарсы ойындарда алаңға шықты. Сонымен қатар Англия Лигалар кубогында «Брэдфорд Ситиге» қарсы матчты негізгі құрамда бастады.

Әзірге Сәтпаев ағылшын клубы сапында нәтижелі әрекетімен көзге түскен жоқ.

Қазақстандық шабуылшы жарақатты 2 қыркүйекте «Мидлсброға» қарсы кездесуде алған. Осыдан кейін футболшыға қалпына келуге уақыт қажет болып, команданың кейінгі матчтарын өткізіп алды.

«Бернли» соңғы матчын 19 қыркүйекте өткізді. Өз алаңында команда «Дерби Каунтимен» 1:1 есебімен тең түсті.

«Бордолылар» келесі ойынын 10 қазанда сырт алаңда «Уотфордқа» қарсы өткізеді. «Викаридж Роуд» стадионындағы кездесу Қазақстан уақытымен 19:00-де басталады.

Айта кетейік, Чемпионшиптегі сегіз турдан кейін «Бернли» төрт ұпаймен турнир кестесінің соңғы сатысында тұр.