Дастан Сатпаевтың «Челси» сапындағы дайындықты қашан бастайтыны белгілі болды

ҚФФ
Лондондық «Челси» клубы маусым алдындағы дайындықтың басталу күнін анықтады.
Ерлер командасы жазғы демалыстан кейін 9 шілдеде Кобхэмдегі клубтың жаттығу базасында жұмысын бастайды. Дәл осы күні «көгілдірлердің» жаңа бас бапкері Хаби Алонсо әлем чемпионатына қатыспаған футболшыларды алғаш рет жинайды.
Испаниялық маманның жетекшілігіндегі «Челсидің» алғашқы жолдастық ойыны 28 шілдеде өтеді. Лондондықтардың қарсыласы. Аустралиялық «Уэстерн Сидней Уондерерс» клубы, матч Австралияда ұйымдастырылады.
Қазақстандық жанкүйерлер үшін «Челсидің» дайындығы Дастан Сатпаевқа байланысты ерекше қызығушылық тудырып отыр. Маусым айында 17 жастағы шабуылшы алматылық «Қайратпен» ресми түрде қоштасып, Лондонға көшіп, мансабының жаңа кезеңін бастауға дайын екенін мәлімдеді.
Сатпаевтың ағылшын клубына толыққанды ауысуы футболшы 18 жасқа толатын тамыз айынан кейін жүзеге асады. БАҚ мәліметінше, қазақстандық таланттың трансфері АПЛ алпауытына 2,4 миллион еуроға түскен.
Бұған дейін «Қайрат» клубының президенті Қайрат Боранбаев Англияға сапары барысында Кобхэмдегі «Челси» базасына барып, Дастанмен кездесіп, қазақстандық ойыншының лондондық клубтағы алғашқы жаттығуларынан кадрлар жариялаған болатын.