Де ла Фуэнте Испанияның Ұлттар лигасындағы мақсатын атады

Фото: RFEF
Испания құрамасының бас бапкері Луис де ла Фуэнте 2026/27 жылғы Ұлттар лигасының төртінші турында Хорватияны 2:1 есебімен жеңгеннен кейін өз ойын білдірді.
Испания құрамасы алғашқы болып гол жіберіп алды. 17-минутта Иван Перишич есеп ашты. Екінші таймда алаңға қосалқы құрамнан шыққан Микель Мерино дубль жасап, қонақтарға жеңіс сыйлады. Перишич алаңнан қуылғаннан кейін Хорватия матчты бір ойыншы кем құраммен аяқтады. Бұл жеңіс Испанияға турнирдің ширек финалына шығуға кепілдік берді.
«Мақсатымыз – жеңіске жетуді жалғастыру. Біз жеңіліссіз 42 матч өткіздік және бұл көрсеткішті одан әрі арттырғымыз келеді. Бұл командамен мақтанамын. Осындай ойыншылармен жұмыс істеп жүргеніме қуаныштымын», – деп де ла Фуэнтенің сөзін Marca басылымы келтірді.
Айта кетейік, Испания құрамасы 2024 жылдың наурызынан бері жеңілген жоқ. Хорватияны жеңу команда үшін қатарынан 11-ші жеңіс болды.
Ұлттар лигасының төрт турында Испания 12 ұпай жинап, A3 тобында көш бастап келеді. Англия 9 ұпаймен екінші орында, Хорватияның еншісінде 3 ұпай бар, ал Чехия әзірге ұпай жинаған жоқ. Топтық кезеңнің соңғы екі туры қараша айында өтеді.