Денис Евсеев Стамбұлдағы «Челленджер» турнирін алғашқы айналымда аяқтады
Бөлісу

Фото: x_@asian_tennis
Қазақстандық теннисші Денис Евсеев Стамбұлда өтіп жатқан ATP Challenger сериясындағы турнирдің екінші айналымына шыға алмады.
1/16 финалдық кездесуде Евсеев әлемнің 280-ракеткасы Янки Эрельге 4:6, 6:4, 1:6 есебімен жол берді. Матч 1 сағат 57 минутқа созылды.
Кездесу барысында қазақстандық теннисші үш эйс жасап, бір қос қателікке жол берді. Сондай-ақ алты брейк-пойнттың екеуін сәтті пайдаланды.
Айта кетейік, Денис Евсеев жекелей және жұптық сында жалпы 20 титулдың иегері. Қазіргі таңда ол ATP рейтингінде 439-орында тұр.