Денис Евсеев Стамбулдағы теннис турнирінің ширек финалына шыға алмады
Бөлісу

Фото: Андрей Ударцев, КTF
Стамбулда ATP Challenger санатындағы турнир өтіп жатыр.
Жекелей сындағы екінші айналымда ATP рейтиңінде 440-орында тұрған қазақстандық теннисші Денис Евсеев әлемнің 360-ракеткасы испаниялық Давид Хорда Санчиспен кездесті.
Матч испаниялық спортшының 7:5, 6:2 есебіндегі жеңісімен аяқталды. Бұл теннисшілердің ATP турниріндегі алғашқы кездесуі болды — бұған дейін олар бір-бірімен ойнамаған.
Турнирдің ширек финалында Хорда Санчис болгариялық Димитар Кузманов пен испаниялық Николас Санчес-Искердо арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі.
Айта кетейік, Денис Евсеев 32 жаста. Ол Алматы қаласында дүниеге келген және қазақстандық теннис мектебінің түлегі саналады.