Қазақстандық теннисшілер Түркиядағы ITF W15 жарысын алғашқы айналымнан аяқтады

Бегасыл Амирбай ··
Фото: ҚТФ

Фото: ҚТФ

Қазақстандық теннисшілер Альбина Какенова мен Анастасия Крымкова Түркияның Кайсери қаласында өтіп жатқан ITF W15 турниріндегі өнерлерін негізгі кезеңдегі алғашқы айналымнан аяқтады.

Альбина Какенова бельгиялық Кристал Лопеске 3:6, 2:6 есебімен есе жіберді. Анастасия Крымкова түркиялық теннисші Ирем Курттан әрі аса алмай, екі сетте 2:6, 1:6 есебімен жеңілді.

Альбина Какенова мен Анастасия Крымковадан бөлек, турнирде қазақстандық теннисшілер Яна Ким, Іңкәр Дүйсембай, Асылжан Арыстанбекова, Амира Казтуган, Ева Корышева және Сатима Төреген де өнер көрсетуде.

ITF W15 санатындағы турнир Кайсери қаласында 18-24 мамыр аралығында хард жабынында өтеді.