Дереккөз «Барселонадан» кетуі мүмкін ойыншыларды атады

Бекарыс Әлімхан··
«Барселона» ФК

«Барселона» ФК

Каталониялық клуб Френки де Йонг, Марк Касадо, Эктор Форт, Алехандро Бальде және Жюль Кунде үшін түскен ұсыныстарды қарастыруға дайын.

Журналист Хосе Альварестің мәліметінше, «Барселона» жазғы трансферлік терезе жабылғанға дейін бес футболшымен қоштасуы мүмкін.

Бұған дейін «Манчестер Сити» де Йонг туралы ақпарат сұратып, трансферлік терезе жабылғанға дейін жартылай қорғаушыны өз қатарына қосуға әрекет жасауды жоспарлап отырғаны хабарланған. Нидерландтық футболшы тізе жарақатынан кейін қалпына келу үстінде.

Касадоға Сауд Арабиясының клубтары қызығушылық танытып отыр. «Барселона» өз тәрбиеленушісі үшін 30-40 миллион еуро көлемінде қаражат алуды көздейді. Үміткерлердің бірі — «Аль-Хиляль».

Фортқа дортмундтық «Боруссия» мен «Реал Сосьедад» қызығушылық танытып отыр. Баск клубы қорғаныстың оң қанатын күшейткісі келеді, алайда бұл бағытта неміс командасымен бәсекеге түсіп отыр.

Бальденің жағдайын «Манчестер Юнайтед» бақылауда. Алайда қорғаушы әзірге клубтан кету туралы шешім қабылдаған жоқ. Каталониялық команданың бас бапкері Ханс-Дитер Флик те Бальде мен Кунденің трансферін жоққа шығармады. Оның айтуынша, бұл мәселе трансферлік терезе жабылғаннан кейін ғана түпкілікті анық болады.

Еске салайық, Ла Лиганың жаңа маусымындағы алғашқы матчында «Барселона» «Эльчеге» 5:0 есебімен жол бермеді. Келесі кездесуін «көк-алқызылдар» Бильбаоның «Атлетигіне» қарсы өткізеді.