Дэвид Бекхэм Мессиге тоғызыншы «Алтын допты» беруге шақырды

Бекарыс Әлімхан··
Фото: МЛС

Фото: МЛС

«Интер Майами» клубының тең иесі әрі президенті Дэвид Бекхэм 2026 жылғы «Алтын доп» жүлдесін табыстау алдында Лионель Мессиді қолдайтынын білдірді.

Англия құрамасының бұрынғы капитанының пікірінше, аргентиналық шабуылшы әлем чемпионатындағы өнері мен клуб деңгейіндегі нәтижелері үшін бұл марапатқа лайық.

«Менің ойымша, «Алтын допты» Месси жеңуі керек. Ол әлем чемпионатындағы ең үздік ойыншы болды деуге болады және соңғы бір жылды керемет өткізді. Әлем чемпионатында оның көрсеткеніндей әсер қалдыру... 39 жаста мұндай нәтижеге басқа ешкім жете алмас еді деп ойлаймын», — деді Бекхэм CBS News Miami-ге берген сұхбатында.

2026 жылғы әлем чемпионатында Месси сегіз гол соғып, төрт нәтижелі пас берді және Аргентина құрамасының финалға шығуына үлес қосты. Ал «Интер Майами» сапында шабуылшы MLS Кубогын және финалда мексикалық «Крус Асульді» 2:0 есебімен жеңіп, алғаш рет Campeones Cup жүлдесін жеңіп алды. Сондай-ақ аргентиналық футболшы клубтағы 100-ші голын соқты.

Еске салайық, Месси «Алтын допты» рекордтық сегіз рет иеленген. Аргентиналық футболшы 2026 жылғы жүлдеге үміткерлер қатарына да енді. Марапаттау рәсімі 26 қазанда Лондонда өтеді. Бұл қала аталған шараны алғаш рет қабылдайды.