Дидье Дешам 2026 жылғы әлем чемпионатынан кейін Франция құрамасынан кетеді

Бегасыл Амирбай ··
Фото: FFF

Фото: FFF

Франция құрамасының бас бапкері Дидье Дешам 2026 жылғы әлем чемпионатының үшінші орын үшін матчынан кейін қызметінен кетеді.

Бұл туралы инсайдер Фабрицио Романо хабарлады. 57 жастағы маман үшін соңғы ойын Англия – Аргентина жартылай финалдық жұбының жеңілген командасына қарсы кездесу болады. Матч 19 шілдеде Қазақстан уақытымен 02:00-де өтеді.

Дешам Франция құрамасын 2012 жылдан бері жаттықтырып келеді. Оның жетекшілігімен команда 2018 жылғы әлем чемпионатында жеңіске жетті, 2022 жылғы әлем чемпионатының финалына дейін жетті, Еуро-2016 турнирінде күміс жүлде алды және 2021 жылы Ұлттар лигасының чемпионы атанды. Дешам бапкерлік еткен кезеңде Франция құрамасы 186 матчтың 122-сінде жеңіске жеткен.

2026 жылғы әлем чемпионатының финалында Испания құрамасы Англия – Аргентина жұбының жеңімпазымен кездеседі. Матч 20 шілдеде Қазақстан уақытымен 00:00-де басталады.