«Динамо Киев» ПАОК-пен өткен матчтағы ресейлік туға байланысты УЕФА-ға шағымданды
Бөлісу

Фото: x_@UltrasPresent
Киевтің «Динамосы» Еуропа лигасының екінші іріктеу кезеңі аясында ПАОК-қа қарсы өткен алғашқы матчтан кейін ресейлік туға байланысты УЕФА-ның тәртіптік органдарына жүгінді.
Еуропа лигасының екінші кезеңіндегі алғашқы кездесу Польшаның Люблин қаласында өтіп, ПАОК-тың 3:2 есебімен жеңісімен аяқталды. Матчтан кейін украиналық клуб ресми мәлімдеме жасап, УЕФА-ның тәртіптік органдарына шағым жолдағанын хабарлады.
«Динамо» клубы ПАОК жанкүйерлері отырған секторда ресейлік тудың пайда болуын арандатушылық деп бағалап, ұйым тарапынан жауап күтетінін мәлімдеді. Сондай-ақ клуб мұндай жағдайлардың болашақта қайталанбауын талап етті.
Айта кетейік, қарымта матч 30 шілде күні Қазақстан уақыты бойынша 22:45-те өтеді.