Украина клубтары «Ақтөбе» шабуылшысы Виталий Латурнусқа қызығушылық танытуда
Бөлісу

«Ақтөбе» ФК
17 жастағы «Ақтөбе» шабуылшысы Виталий Латурнус мансабын Украина чемпионатында жалғастыруы мүмкін. Қазақстандық футболшыға бірден екі УПЛ клубы қызығып отыр.
«Микола Скірович» мәліметінше, жас шабуылшыны донецкілік «Шахтёр» мен житомирлік «Полесье» бақылауда ұстап отыр. Екі клуб та футболшыны өздерінің қысқа тізіміне енгізген.
Айта кетейік, өткен маусымда «Шахтёр» Украина чемпионы атанса, «Полесье» турнирлік кестеде үшінші орын алып, Конференциялар лигасының іріктеу кезеңіне қатысу құқығына ие болды.
Виталий Латурнус «Ақтөбе» клубының түлегі. Биылғы маусымда ол барлық турнирде 10 матч өткізіп, 3 гол соғып, 1 нәтижелі пас берген.