«Динамо» Зайнутдиновтың операциядан кейінгі қалпына келуі туралы айтты

«Динамо» ФК
Мәскеулік «Динамо» клубының бас директоры Павел Пивоваров Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бахтиёр Зайнутдиновтың жарақаттан кейінгі қалпына келу барысы туралы айтты.
28 жастағы футболшы 2025 жылдың қазан айынан бері алаңға шыққан жоқ. Ол 19 қазанда Ресей Премьер-лигасының Грозныйдың «Ахмат» клубына қарсы өз алаңындағы матчында (2:2) жамбас бұлшықетінен жарақат алған.
Кейін Зайнутдиновқа ота жасау қажет болды. Футболшы операцияны жаз мезгілінде өткеріп, содан кейін ұзақ оңалту процесін бастады. Қазір қазақстандық ойыншы қалпына келуін жалғастырып, біртіндеп толыққанды жаттығу жүктемелеріне оралып жатыр.
«Ол жазда ота жасатты, қазір футболшы қалпына келіп жатыр. Оны ұлттық құрамалардың матчтарына байланысты үзілістен кейін күтеміз», – деді Пивоваров Bookmaker-ratings.ru сайтына берген сұхбатында.
Зайнутдинов мәскеулік «Динамоға» 2025 жылы ауысқан. Елордалық клуб сапында ол сегіз матч өткізгенімен, әзірге нәтижелі әрекетімен көзге түскен жоқ.