Дмитрий Бивол - Каллум Смитке қарсы титулын қорғауы мүмкін

Фото: Boxing scene
Жартылай ауыр салмақтағы әлем чемпионы Дмитрий Бивол келесі жекпе-жегін британиялық Каллум Смитке қарсы өткізуі мүмкін. Бұл туралы WBO ұйымы хабарлады.
Смит ресейлік боксшы иелік ететін WBO тұжырымы бойынша чемпиондық титулдың міндетті үміткері. Жекпе-жекті өткізу шарттарын анықтау үшін промоутерлік сауда ұйымдастырылады.
Бұған дейін Бивол германиялық Михаэль Айфертті төрешілердің біріңғай шешімімен жеңіп, WBA, WBO және IBF чемпиондық белбеулерін сәтті қорғап қалды. Ресейлік боксшы қарсыласын алғашқы раундтың өзінде нокдаунға түсірді.
35 жастағы Биволдың еншісінде 25 жеңіс және бір жеңіліс бар. 2025 жылдың ақпанында ол Артур Бетербиевті жеңіп, абсолютті әлем чемпионы атанған еді. Алайда кейін міндетті жекпе-жектен бас тартқаны үшін WBC белбеуінен айырылды.
36 жастағы Каллум Смит кәсіби мансабында 31 мәрте жеңіске жеткен. Оның 22-сін нокаутпен аяқтаған. Сонымен қатар оның еншісінде екі жеңіліс бар.