Басты бет
·
Футбол

Джейдон Санчо мансабын Таяу Шығыста жалғастыруы мүмкін

Бекарыс Әлімхан··
Фото: Getty Images

Фото: Getty Images

Англия құрамасы мен «Манчестер Юнайтедтің» бұрынғы жартылай қорғаушысы Джейдон Санчо мансабын Таяу Шығыста жалғастыруы мүмкін.

Digi Sport мәліметінше, 26 жастағы футболшыға Катар клубтарынан ұсыныстар түскен. Ағылшын ойыншысы 2026 жылдың жазынан бері еркін агент саналады. Сол кезде оның «Манчестер Юнайтедпен» келісімшарты аяқталған болатын.

Санчоға Испанияның «Хетафе» клубы да қызығушылық танытып отыр. Команда президенті Анхель Торрес келіссөздер жүріп жатқанын растады. Алайда трансферге қаржылық шектеулер кедергі келтіруі мүмкін.

Еске салайық, Санчо 2025/26 жылғы маусымда «Астон Виллада» жалға ойнап, 39 матчқа қатысып, бір гол соқты. Бирмингемдік клубпен бірге Еуропа лигасында жеңіске жетті. Бұған дейін ол дортмундтық «Боруссия» мен «Челси» сапында да өнер көрсетті.

2021 жылы «Манчестер Юнайтед» Санчоны «Боруссиядан» 73 миллион фунт стерлингке сатып алған. Англия құрамасы сапында жартылай қорғаушы 23 матч өткізіп, үш гол соқты.