Джеко АҚШ-пен болған матч жайында пікір білдірді

Бегасыл Амирбай ··
Фото: BiH

Фото: BiH

Босния және Герцеговина құрамасының капитаны Эдин Джеко 2026 жылғы әлем чемпионатының 1/16 финалында АҚШ құрамасынан (0:2) жеңілген матчқа қатысты пікір білдірді.

Сондай-ақ шабуылшы мундиаль барысында қолдау көрсеткен жанкүйерлерге алғысын айтты.

«Біз бар күшімізді салдық, бірақ өкінішке қарай, елге қайтып барамыз. Біз қол жеткізген нәтижелерімізбен мақтануымыз керек. Екінші голды жіберіп алмауымыз керек еді, одан кейін ойынға қайта оралу әлдеқайда қиындады. Қарсылас ойыншысы алаңнан қуылғаннан кейін біз басымдыққа ие болдық, бірақ сол гол бізді сындырып кетті, әрі матч барысын өзгерте алмадық. Турнир бойы бізді қолдаған жанкүйерлерге үлкен рақмет. Олар ойыннан ләззат алып, бізбен мақтанады деп үміттенемін, біз де олармен мақтанамыз», – деді Джеко.

1/8 финалда АҚШ құрамасы бұған дейін Сенегалды 3:2 есебімен жеңген Бельгиямен кездеседі.

Еске салайық, 2026 жылғы әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатыр және 19 шілдеде аяқталады.

Джеко АҚШ-пен болған матч жайында пікір білдірді – sport-hub