АҚШ құрамасы Босния және Герцеговинаны жеңді

Бегасыл Амирбай ··
Фото: ФИФА

Фото: ФИФА

2026 жылғы әлем чемпионатының 1/16 финалында АҚШ құрамасы Босния және Герцеговинаны 2:0 есебімен жеңді.

Матч АҚШ-тың Санта-Клара қаласындағы «Левайс» стадионында өтті. Кездесудің есебі бірінші таймның 45-минутында ашылды, шабуылшы Фоларин Балоган айып алаңы ішінен дәл соққы жасап, есепті ашты.

Екінші таймның ортасында Балоган Босния және Герцеговина ойыншысына қарсы ереже бұзды. VAR жүйесін қарағаннан кейін төреші америкалық футболшыға қызыл қағаз көрсетті. 82-минутта жартылай қорғаушы Малик Тиллман айып соққысын дәл орындап, матчтың соңғы нәтижесін белгіледі.

Бұған дейін топтық кезеңде АҚШ құрамасы алты ұпай жинап, D тобында бірінші орын алған еді. Ал Босния және Герцеговина төрт ұпаймен B тобында үшінші орын алып, плей-офф кезеңіне шыққан болатын. Келесі кезеңде америкалықтар бұған дейін Сенегалды 3:2 есебімен жеңген Бельгия құрамасымен кездеседі.

2026 жылғы әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатыр және 19 шілдеде аяқталады.