Түркия АҚШ-ты жеңді, бірақ әлем чемпионатының плей-оффқа шыға алмады

Бегасыл Амирбай ··
Фото: ФИФА

Фото: ФИФА

Түркия құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионаты топтық кезеңінің үшінші турында АҚШ командасын 3:2 есебімен жеңді.

Матч Лос-Анджелес қаласындағы «Софи Стэдиум» стадионында өтті. 3-минутта қорғаушы Остон Трасти есеп ашты. Көп ұзамай Түркия капитаны Арда Гюлер дәл соққымен таразы басын теңестірсе, Эрен Элмалы түріктерді алға шығарды.

Екінші таймның 49-минутында жартылай қорғаушы Себастьян Берхальтер айып алаңының бұрышынан допты бірден теуіп, есепті теңестірді. Алайда алаңға қосалқы құрамнан шыққан Каан Айхан матчтың соңғы нәтижесін белгілеп, Түркияға осы мундиальдағы алғашқы әрі жалғыз жеңісті сыйлады.

Топтық кезеңнің қорытындысы бойынша АҚШ (6 ұпай) және Аустралия (4 ұпай) плей-офф кезеңіне өтті. Сондай-ақ 4 ұпай жинаған Парагвай доп айырмасы бойынша үшінші орын алып, D тобынан шығуға мүмкіндік сақтап отыр. Түркия 3 ұпаймен турнирдегі өнерін аяқтады.

Еске салайық, 2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексика елдерінде өтіп жатыр және 19 шілдеде аяқталады.