Голсыз тең ойын Аустралияны әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне шығарды
Бөлісу

Фото: ФИФА
Парагвай мен Аустралия құрамалары 2026 жылғы әлем чемпионаты топтық кезеңінің үшінші турында 0:0 есебімен тең түсті.
Матч Санта-Клара қаласындағы «Левайс» стадионында өтті. Ойын барысында Аустралия допқа көбірек иелік етіп, шабуылда жиі белсенділік танытты. Алайда кездесу голсыз аяқталды.
Топтық кезеңнің үш турының қорытындысы бойынша АҚШ (6 ұпай) және Австралия (4 ұпай) плей-офф кезеңіне өтті. 4 ұпай жинаған Парагвай доп айырмасы бойынша үшінші орынға тұрақтап, D тобынан шығуға әлі де мүмкіндік сақтап отыр. Түркия 3 ұпаймен турнирдегі өнерін аяқтады.
Еске салайық, 2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексика елдерінде өтіп жатыр және 19 шілдеде аяқталады.