Қатар әлем чемпионатындағы соңғы матчында Босния және Герцеговинадан жеңілді

Фото: Getty Images
Футболдан Босния және Герцеговина құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі соңғы турда Қатарды 3:1 есебімен жеңді.
Кездесу Сиэтлдегі «Люмен Филд» стадионында өтті. Есепті 29-минутта Керим Алайбегович ашты. Арада бес минут өткенде Қатар қақпашысы Махмуд Абунаданың автоголынан кейін босниялықтардың басымдығы еселенді.
42-минутта Хасан Әл-Хайдос есеп айырмасын қысқартып, Қатарға үміт сыйлағанымен, матчтың 80-минутында Эрмин Махмич қарсылас қақпасына үшінші голды соғып, кездесудің нүктесін қойды.
Үш турдың қорытындысы бойынша Қатар құрамасы небәрі бір ұпаймен В тобында соңғы орын алып, әлем чемпионатындағы өнерін аяқтады. Босния және Герцеговина 4 ұпай жинап, үшінші орынға тұрақтады. Енді команданың плей-оффқа шығу мүмкіндігі үшінші орын алған құрамалардың жалпы рейтингіне байланысты болмақ.
Айта кетейік, В тобынан Швейцария мен Канада құрамалары тікелей плей-офф кезеңіне жолдама алды.
Айта кетейік, 2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатыр. Турнир 19 шілдеде мәресіне жетеді.