Швейцария Канаданы жеңіп, В тобында бірінші орын алды

Фото: Getty Images
Футболдан Швейцария құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі соңғы турда Канаданы 2:1 есебімен жеңіп, В тобында бірінші орынға ие болды.
Кездесу Ванкувердегі «Би Си Плейс» стадионында өтті. Екінші таймның басында Рубен Варгас есеп ашса, 57-минутта Жоан Манзамби Швейцарияның басымдығын арттырды. Алаң иелері 76-минутта Промис Дэвидтің голының арқасында есеп айырмасын қысқартқанымен, жеңілістен құтыла алмады.
Үш турдың қорытындысы бойынша Швейцария 7 ұпай жинап, В тобында бірінші орын алды. 4 ұпай еншілеген Канада екінші орынмен плей-офф кезеңіне жолдама алды.
Ал 4 ұпаймен үшінші орынға тұрақтаған Босния және Герцеговинаның плей-оффқа шығу тағдыры үшінші орын алған үздік құрамалардың рейтингі арқылы шешіледі.
Айта кетейік, Қатар құрамасы В тобында соңғы орын алып, әлем чемпионатындағы өнерін аяқтады.
Айта кетейік, 2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатыр. Турнир 19 шілдеде мәресіне жетеді.