Канада Қатарды ірі есеппен жеңіп, әлем чемпионаттары тарихындағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Бегасыл Амирбай ··
Фото: ФИФА

Фото: ФИФА

Канада құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңінің екінші турында Қатарды 6:0 есебімен ойсырата жеңіп, тарихта алғаш рет әлем чемпионатындағы жеңісіне қол жеткізді.

Канадалықтар матч барысын толық бақылауда ұстады. Кайл Ларин есепті ашты, Джонатан Дэвид хет-трик жасады, тағы бір голды Натан-Дилан Салиба соқты. Сонымен қатар Катар құрамасының жартылай қорғаушысы Мохамед Аль-Маннаи допты өз қақпасына жіберіп алды.

Катар құрамасы матчты тоғыз ойыншымен аяқтады. 33-минутта Хомам Аль-Амин тікелей қызыл қағаз алып алаңнан қуылса, 53-минутта Ассим Мадибо да алаңнан шығарылды.

Екі турдан кейін Канада төрт ұпаймен В тобында көш бастап тұр, Швейцария да төрт ұпай жинап екінші орында келеді. Босния және Герцеговина мен Қатарда бір ұпайдан бар.

Соңғы турда Канада Швейцариямен ойнайды, ал Босния және Герцеговина Катарға қарсы кездеседі.

Канада Қатарды ірі есеппен жеңіп, әлем чемпионаттары тарихындағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді – sport-hub