Өзбекстан құрамасы Колумбиядан жеңіліп қалды

Фото: ФИФА
Ойынның 40-минутында Луис Диастың пасынан кейін Даниэль Муньос гол соғып, колумбиялықтарды алға шығарды. Екінші таймның басында Өзбекстан есепті теңестірді: Эльдор Шомуродовтың соққысы бағанаға тиіп, қайтқан допты бірінші болып Аббосбек Файзуллаев қағып алып, өз құрамасының әлем чемпионаттары тарихындағы алғашқы голын соқты.
66-минутта Луис Диас қарсылас қақпасын дәл көздеп, Колумбияны қайтадан алға шығарды. Кездесудің соңында шабуылшы Хаминтон Кампас жеңіс голын соқты.
Бірінші турдан кейін Колумбия 3 ұпаймен K тобында көш бастады. Португалия мен Конго Демократиялық Республикасы 1:1 есебімен тең ойнап, бір-бір ұпайдан иеленді, ал Өзбекстан ұпайсыз соңғы орында тұр.
Екінші турда Колумбия Конго Демократиялық Республикасымен кездеседі, ал Өзбекстан Португалияға қарсы ойнайды.