Мартинес Роналдудың ойыны жайында айтты

Фото: ФИФА
Португалия құрамасының бас бапкері Роберто Мартинес 2026 жылғы әлем чемпионатының алғашқы турында Криштиану Роналду ойынына қатысты пікір білдірді.
Конго ДР-ға қарсы өткен матч 1:1 есебімен аяқталды. 41 жастағы шабуылшы негізгі құрамда алаңға шығып, 90 минут толық ойнағанымен, нәтижелі әрекет жасай алмады.
Мартинестің айтуынша, қарсылас қорғаныста алты қорғаушымен ойнап, Португалияға қиындық тудырған. Соған қарамастан, Роналдуды алаңнан алып тастаудың мәні жоқ екенін атап өтті.
«Бізге қиын болды, өйткені қарсылас алты қорғаушымен қорғанды. Мұндай жағдайда Криштианудың қасиеттерін пайдалану керек. Гол қажет кезде мұндай ойыншыны алаңнан алу дұрыс емес. Оның қорғаушыларды өзіне тартуы және бос кеңістікті пайдалануы өте маңызды», – деді Мартинес.
Айта кетейік, келесі турда Португалия Өзбекстанмен ойнайды, ал Конго ДР Колумбиямен кездеседі.