Гана құрамасы Панаманы жеңді

Бегасыл Амирбай ··
Фото: ФИФА

Фото: ФИФА

Кездесу Канаданың Торонто қаласындағы BMO Field стадионында өтті. Ойын ұзақ уақыт бойы тең өтіп, негізгі уақыттың соңында ғана шешілді. 90+5-минутта Калеб Йиренки гол соғып, Ганаға жеңіс сыйлады.

Осылайша, Гана құрамасы топтағы алғашқы матчында маңызды үш ұпайға ие болды.

Бірінші тур қорытындысы бойынша Англия Хорватияны 4:2 есебімен жеңіп, L тобында көш бастап тұр. Гана екінші орында, Хорватия үшінші, ал Панама соңғы орында орналасқан.

Екінші турда Гана Англиямен кездеседі, ал Панама Хорватияға қарсы ойнайды.

Айта кетейік, 2026 жылғы әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатыр және турнир 19 шілдеде аяқталады.

Гана құрамасы Панаманы жеңді – sport-hub