Аустрия Иорданияны автоголдың арқасында жеңді

Бегасыл Амирбай ··
Фото: ФИФА

Фото: ФИФА

Аустрия құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатын Иорданияға қарсы жеңіспен бастады. J тобының бірінші турындағы кездесу 3:1 есебімен аяқталды.

Есепті 21-минутта жартылай қорғаушы Романо Шмид ашты. Үзілістен кейін Али Олван таразы басын теңестірді, алайда 76-минутта қорғаушы Язан Аль-Араб допты өз қақпасына енгізіп алды.

Екінші тайм барысында австриялықтар тағы бір гол соқты, бірақ VAR қарауынан кейін Арнаутовичтің голы қолмен ойнауға байланысты есепке алынбады. Дегенмен Марко матч соңында пенальтиді сәтті орындап, гол соқты.

Бірінші турдан кейін Аргентина мен Аустрия үш ұпайдан жинап, J тобында көш бастап тұр. Алжир мен Иордания әзірге ұпайсыз.

Екінші турда 22 маусым күні Аустрия Аргентинамен кездеседі, ал Иордания Алжирге қарсы ойнайды.

Аустрия Иорданияны автоголдың арқасында жеңді – sport-hub