Аргентина құрамасы Мессидің хет-тригінің арқасында Алжирді ірі есеппен жеңді

Фото: ФИФА
Аргентина құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатын сенімді бастады. Олар Алжир құрамасын 3:0 есебімен ойсырата жеңді. Кездесудің басты кейіпкері Лионель Месси болды. Ол әлем чемпионаттарындағы мансабындағы алғашқы хет-трикті жасады.
Аргентина капитаны есепті 17-минутта ашты. Үзілістен кейін 60 және 76-минуттарда тағы екі гол соғып, қарсылас қақпасын үш рет дәл көздеді. Алжир де бір гол соққан еді, бірақ ол офсайдқа байланысты есепке алынбады.
Бұл хет-трик Месси үшін кәсіби мансабындағы 11-ші және әлем чемпионаттарындағы алғашқысы болды. Сонымен қатар, 39 жастағы шабуылшы ұлттық құрама сапындағы голдар санын 120-ға жеткізіп, жалпы мансабындағы голдарын 914-ке дейін арттырды.
Бірінші турдан кейін Аргентина үш ұпаймен J тобында көш бастап тұр. Топтағы алғашқы тур аясында кейінірек Аустрия мен Иордания құрамалары да өзара кездеседі.
Айта кетейік, 2026 жылғы әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексика елдерінде өтіп жатыр және 19 шілдеде аяқталады.