Холанд дубль жасап, Норвегияға турнирдегі ірі жеңіс сыйлады

Фото: ФИФА
Норвегия құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатын сенімді жеңіспен бастады. I топтағы алғашқы турда норвегиялықтар Ирак құрамасы командасын 4:1 есебімен ойсырата жеңді.
I тобы
Ирак – Норвегия – 1:4
Голдар: Хуссейн 39 – Эрлинг Холанд 29, 43, Эстигор 76, Хуссейн 90+6 (автогол)
Матч АҚШ-тың Фоксборо қаласындағы «Джиллетт» стадионында өтті. Норвегияның алғашқы екі голын Холанд соқты. Сондай-ақ жеңімпаздар сапында Лео Эстигор көзге түсті, ал Ирак құрамасының шабуылшысы Аймен Хуссейн бір голды өз қақпасына енгізді. Айта кетейік, Ирактың жалғыз голын да дәл осы Хуссейн соқты.
Бірінші турдан кейін Норвегия I топта көш бастап тұр. Франция құрамасы да Сенегалды 3:1 есебімен жеңіп, үш ұпай жинады, бірақ доп айырмасы бойынша екінші орында. Сенегал құрамасы үшінші орынға жайғасса, Ирак соңғы орында қалып отыр.
Екінші турда Норвегия Сенегалмен кездеседі, ал Ирак Францияға қарсы ойнайды.