Уругвай мен Сауд Арабиясы тең түсті

Фото: ФИФА
Уругвай мен Сауд Арабиясы құрамалары 2026 жылғы әлем чемпионатындағы жарысты тең нәтижемен бастады. Майамиде өткен H тобының бірінші тур ойыны 1:1 есебімен аяқталды.
Есеп бірінші таймның соңында Сауд Арабиясы құрамасының қорғаушысы Абдулелах Аль-Амридің голымен ашылды. 80-минутта уругвайлық жартылай қорғаушы Максимилиано Араухо есепті теңестіріп, командасына бір ұпай әкелді.
Бұл матч Уругвай қақпашысы Фернандо Муслера үшін тарихи болды. Ол 39 жас 364 күнінде алаңға шығып, әлем чемпионаттарындағы ұлттық құрама тарихындағы ең егде жастағы ойыншы атанды.
Айта кетейік, бірінші турдан кейін H тобындағы барлық командалар бір ұпайдан жинады. Бұған дейін Испания мен Кабо-Верде кездесуі де 0:0 есебімен аяқталған.
Екінші турда 22 маусым күні Уругвай Кабо-Вердемен кездеседі, ал Сауд Арабиясы Испанияға қарсы ойнайды.