Иран мен Жаңа Зеландия тең түсті

Бегасыл Амирбай ··
Фото: ФИФА

Фото: ФИФА

Иран мен Жаңа Зеландия құрамалары 2026 жылғы әлем чемпионатының алғашқы турында тең ойнады. G тобы аясындағы кездесу 2:2 есебімен аяқталды.

Жаңа Зеландия құрамасы 7-минутта Элайджа Джасттың голының арқасында есеп ашты. 32-минутта Рамин Резаян таразы басын теңестірді. Екінші таймда Джаст қайтадан өз командасын алға шығарды, алайда 64-минутта Мохаммад Мохеби есепті теңестіріп, матчтың қорытынды нәтижесін белгіледі.

Бірінші турдан кейін G тобындағы барлық командалардың еншісінде бір ұпайдан бар. Бұған дейін Бельгия мен Египет те 1:1 есебімен тең түскен болатын.

Екінші турда Иран 22 маусым күні Бельгиямен кездеседі, ал Жаңа Зеландия сол күні Египетке қарсы ойнайды.

Айта кетейік, 2026 жылғы әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатыр. Турнирге тарихта алғаш рет 48 құрама қатысуда.

Иран мен Жаңа Зеландия тең түсті – sport-hub