Басты бет
·
Теннис

Джокович Париждегі «Мастерс» турнирінде күтпеген жерден жеңіліп қалды

Каирбек Тулегенов ··
Джокович Париждегі «Мастерс» турнирінде күтпеген жерден жеңіліп қалды

Сербиялық теннисші Новак Джокович Парижде өтіп жатқан «Мастерс» турнирінің екінші айналымында австралиялық Ринки Хиджикатадан (ATP рейтингінде 83-орын) жеңіліп қалды.

Кездесу 2 сағат 16 минутқа созылып, 2:6, 6:3, 6:3 есебімен австралиялық теннисшінің пайдасына аяқталды.

Матч барысында Джокович жеті эйс жасап, бес рет қос қателік жіберді. Сондай-ақ 11 брейк-пойнттың екеуін ғана пайдаланды. Ал Хиджиката төрт эйс жасап, бір қос қателікке жол берді және жеті брейк-пойнттың үшеуін сәтті жүзеге асырды.

Осы жеңілістен кейін Джокович жыл қорытындысы бойынша өтетін ATP финалдық турниріне қатысу мүмкіндігінен айырылды. Аталған жарыс 16-22 қараша аралығында Туринде өтеді. Осылайша, сербиялық аңыз теннисші 2017 жылдан бері алғаш рет бұл турнирге жолдама ала алмады.

Келесі айналымда Ринки Хиджиката аргентиналық Томас Мартин Этчеверримен кездеседі.

Джокович Париждегі «Мастерс» турнирінде күтпеген жерден жеңіліп қалды – sport-hub