Новак Джокович Париждегі «Мастерс» турнирінде жеңісті жұлып алды

Фото: Getty Images
Әлемдік рейтингте 11-орында тұрған сербиялық теннисші Новак Джокович Парижде өтіп жатқан ATP 1000 санатындағы турнирдің алғашқы кезеңінен сүрінбей өтті.
Алғашқы кездесуінде сербиялық спортшы Монако өкілі, әлемдік рейтингтің 27-сатысындағы Валантен Вашеромен кездесті.
Джокович алғашқы сетте тай-брейкте 5:7 есебімен жеңіліп қалды. Алайда кейін ойын тізгінін қолға алып, келесі екі партияда басым түсті. Кездесу 2 сағат 29 минутқа созылып, сербиялық теннисшінің 6:7 (5:7), 7:5, 6:1 есебіндегі жеңісімен аяқталды.
Париж (Франция). ATP 1000. 1/32 финал
Джокович (Сербия) – Вашеро (Монако) – 6:7 (5:7), 7:5, 6:1.
Енді Новак Джокович үшінші айналымға жолдама алу үшін австралиялық Ринки Хидзикатамен кездеседі.