Басты бет
·
Теннис

Жібек Құламбаева Үндістандағы WTA 250 турнирінің екінші кезеңіне өтті

Али Асетов··
Фото: Jimmie48

Фото: Jimmie48

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Үндістанның Ченнай қаласында өтіп жатқан WTA 250 санатындағы турнирді жеңіспен бастады.

Әлемдік рейтингте 473-орында тұрған отандасымыз алғашқы айналымда WTA рейтингінің 282-сатысындағы жапониялық Мэи Ямагучимен кездесті.

Жібек Құламбаева қарсыласынан екі сетте басым түсті – 6:4, 7:5. Кездесу 1 сағат 59 минутқа созылды.

Ченнай (Үндістан). WTA 250. 1/16 финал

Құламбаева (Қазақстан) – Ямагучи (Жапония) – 6:4, 7:5.

Енді қазақстандық теннисші ширек финал жолдамасы үшін тағы бір жапониялық спортшы Маи Хонтомамен кездеседі.

Айта кетейік, бұған дейін 26 жастағы Жібек Құламбаева жұптық сында әлемдік рейтингте алғаш рет үздік 100 теннисшінің қатарына еніп, 95-орынға көтерілген еді.