Басты бет
·
Теннис

Бублик ATP рейтингінде төмендеді, Зверев әлемнің бірінші ракеткасы атанды

Али Асетов··
Фото: Getty Images

Фото: Getty Images

Қазақстандық теннисші Александр Бублик ATP рейтингінің жаңартылған нұсқасында бірнеше сатыға төмендеді.

Жаңартылған рейтингте Бублик 26-орынға жайғасты. Бұған дейін ол 20-сатыда тұрған еді. Қазақстандық теннисші Алматыда өткен турнирде алған жарақатына байланысты маусымды мерзімінен бұрын аяқтады. Ресейлік Даниил Медведевке қарсы жартылай финалдық кездесуде ол матчты жалғастырудан бас тартуға мәжбүр болды.

Қазақстанның тағы бір өкілі Александр Шевченко керісінше, рейтингтегі жағдайын жақсартты. Ол екі сатыға көтеріліп, 107-орынға жайғасты.

Әлемдік рейтингтің үздік үштігінде де өзгерістер болды. Германия өкілі Александр Зверев көш бастады. Ол италиялық Янник Синнерді екінші орынға ығыстырды. Ал испаниялық Карлос Алькарас үшінші сатыдағы орнын сақтап қалды.

Бублик ATP рейтингінде төмендеді, Зверев әлемнің бірінші ракеткасы атанды – sport-hub