Джон ван ’т Скип «Қайраттың» Чемпиондар лигасындағы матчын тамашалады

Аружан Талғат··
ҚФФ

ҚФФ

Қазақстан құрамасының бас бапкері Джон ван ’т Скип ұлттық командаға шақырту алуы мүмкін футболшыларды өзі бақылауды жалғастырып келеді.

Нидерландтық маман Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңі аясындағы «Қайрат» пен болгариялық «Левски» арасындағы жауапты матчты тамашалады. Кездесу «Түркістан Аренада» өтіп, қонақтардың 1:0 есебімен жеңісімен аяқталды.

Матчтарға қатысу ван ’т Скипке ұлттық құрамаға үміткер футболшылардың жағдайын тікелей ойын барысында бағалауға мүмкіндік береді. Бапкерлер штабы ойыншылардың қазіргі формасына ғана емес, жоғары деңгейдегі кездесулерде өздерін қалай көрсететініне де ерекше мән береді.

Ұлттық құрама бас бапкері Қазақстан клубтарының матчтарына тұрақты түрде барып жүр. Бұған дейін ван ’т Скип Премьер-лигадағы «Жетісу» – «Ордабасы» және «Астана» – «Оқжетпес» кездесулерінен де көзге түскен.

Осылайша, нидерландтық маман Қазақстан құрамасының алдағы ойындары қарсаңында футболшылардың мүмкіндіктерімен жақынырақ танысуды жалғастырып келеді.