Джонсон Алмабаевқа қарсы жекпе-жектен не күтетінін айтты

Бегасыл Амирбай ··
Фото: UFC

Фото: UFC

UFC-дің аса жеңіл салмақтағы америкалық файтері Чарльз Джонсон қазақстандық Асу Алмабаевқа қарсы жекпе-жектен не күтетінін айтты.

Оның айтуынша, бұл айқас мансабындағы ең қиын жекпе-жектердің бірі болуы мүмкін.

«Асуға қарсы жекпе-жек бұл топ-10-дыққа кіру үшін маңызды кездесу. Ол UFC октагонында тек бір рет қана жеңілген. Мен үшін дәл осындай қарсыласқа қарсы өз деңгейімді дәлелдеу маңызды. Мен бұған дайынмын және бұрынғыдан күштірек болдым деп сенемін. Сондықтан тек өзіме ғана емес, октагонда ең үздік нұсқамды көрсетіп, қолымнан келетіннің бәрін жасауым керек.

Иә, Асу қазақ жауынгері екенін білемін, және мен Қазақстан халқына үлкен құрметпен қараймын. Бұған дейін мен Қазақстаннан екі спортшымен жұдырықтастым. Жалпы, қазақ файтерлері өте жан-жақты келеді, бірақ Асуның ең мықты тұсы сөзсіз күрес. Сонымен қатар ол физикалық тұрғыдан өте мықты, сондықтан оның соққы техникасы да тиімді және стиліне сай.

Мен ешқашан қарсыластарымды менсінбей қарамаймын. Бұл жекпе-жек көпшіліктің ойлағанынан да қиын болады деп білемін. Оның жасайтындары аса әсерлі көрінбеуі мүмкін, бірақ ол жұмыс істейді. Егер ол менімен тік тұрып айқасқысы келсе, бұл ұзаққа созылмайды деп ойлаймын, әсіресе соққы алмасу басталса. Көбінесе біз күрес пен грэпплинг элементтері көп болатын жекпе-жекті көруіміз мүмкін», – деді Джонсон.

Джонсон Алмабаевқа қарсы жекпе-жектен не күтетінін айтты – sport-hub