Едіге Нұрғожа нокаутпен Азия чемпионатының ширек финалына шықты

Аружан Талгат··
Фото: boxingkazakhstan

Фото: boxingkazakhstan

Қазақстан жасөспірімдер құрамасының (U-19) өкілі Едіге Нұрғожа Индонезияның Джакарта қаласында өтіп жатқан бокстан 2026 жылғы Азия чемпионатындағы өнерін сәтті бастады.

55 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі 1/8 финалдық жекпе-жекте қазақстандық боксшы Тәжікстан өкілі Бахтовар Усмоновпен кездесті. Нұрғожа жекпе-жек барысын толық бақылауда ұстап, екінші раундта қарсыласын екі рет нокдаунға жіберіп, техникалық нокаутпен мерзімінен бұрын жеңіске жетті.

Осылайша, Едіге Нұрғожа құрлық біріншілігінің ширек финалына жолдама алып, жүлде үшін күресін жалғастыруда.

Бұған дейін Азия чемпионатының ширек финалына Қазақстан өкілдері Нұрасыл Төлебек пен Асылхан Көшербай да шыққан болатын. Енді олардың қатарына қарсыласын мерзімінен бұрын жеңген Едіге Нұрғожа қосылып, турнирдегі жүлде үшін таласты жалғастырады.

Едіге Нұрғожа нокаутпен Азия чемпионатының ширек финалына шықты – sport-hub