Эдуарду Камавинга жазда «Реалдан» кеткісі келмейді
Бөлісу

Фото: Angel Martinez/Getty Images
Мадридтік «Реалдың» жартылай қорғаушысы Эдуарду Камавинга алдағы жазда қазіргі командасынан кетуді жоспарламайды.
Marca басылымының хабарлауынша, футболшы жазда басқа клубтармен ықтимал трансфер туралы келіссөз жүргізуді қаламайды. Керісінше, ол «Реалдағы» өз жағдайын жақсартқысы келеді. Сондай-ақ хавбектің «корольдік клуб» президенті Флорентино Переспен қарым-қатынасы әлі де жақсы екені айтылған.
Өткен маусымда Камавинга барлық турнирде 43 матчқа қатысып, екі гол соқты және бір нәтижелі пас берді. Футболшының клубпен жасалған қазіргі келісімшарты 2029 жылдың жазына дейін жарамды. Transfermarkt порталының мәліметінше, ойыншының нарықтық құны 50 миллион еуроға бағаланады.