Египет бапкері Бельгиямен тең ойыннан кейін төрешілікті сынға алды

Бегасыл Амирбай ··
Фото: ФИФА

Фото: ФИФА

2026 жылғы әлем чемпионатының бірінші турында Бельгия мен Египет құрамалары 1:1 есебімен тең түсті. Кездесуден кейін Египет құрамасының бас бапкері Хоссам Хасан төрешілердің жұмысына сын айтты.

Египет бапкерінің пікірінше, оның командасы пенальти соғуға толық құқылы болған.

«Бізге берілмеген 100 пайыз пенальти болды. Төрешінің VAR-ды да қарамағаны мені таң қалдырды. Егер керісінше біздің пайдамызға болса, ол міндетті түрде тағайындалар еді. Біз жеңіске өте жақын болдық, Египет кіші команда емес», – деді Хасан USA Today басылымына берген сұхбатында.

G тобының екінші турында 22 маусым күні Бельгия Иранмен кездеседі, ал Египет сол күні Жаңа Зеландияға қарсы ойнайды.

Египет бапкері Бельгиямен тең ойыннан кейін төрешілікті сынға алды – sport-hub