Эквадор – Германия матчының тікелей трансляциясы

Бегасыл Амирбай ··
Фото: DFB

Фото: DFB

Футболдан Германия құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі үшінші турда Эквадормен кездеседі.

Е тобындағы матч 26 маусым күні Ист-Ратерфорд қаласындағы «Метлайф» стадионында өтеді. Кездесу Қазақстан уақытымен сағат 00:00-де басталады.

Қазақстандық жанкүйерлер ойынды «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде тамашалай алады. Сондай-ақ матчтың ең қызықты сәттерін Sport-hub.kz Telegram арнасындағы лайв режимінде бақылауға болады.

Екінші турдан кейін Германия құрамасы 6 ұпаймен Е тобында көш бастап тұр. Кот-д'Ивуар 3 ұпаймен екінші орында келеді. Ал Эквадор мен Кюрасаоның қоржынында бір ұпайдан бар. Бұған дейін Эквадор Кюрасаомен 0:0 есебімен тең ойнаса, Германия Кот-д'Ивуарды 2:1 есебімен жеңген болатын.

Айта кетейік, 2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатыр. Турнирге тарихта алғаш рет 48 құрама қатысуда. Жарыс 19 шілдеде мәресіне жетеді.

Эквадор – Германия матчының тікелей трансляциясы – sport-hub