Елдос Сметов Қытайдағы дзюдо бойынша Гран-при турнирін жеңіспен бастады
Бөлісу

Фото: IJF
Олимпиада чемпионы Елдос Сметов Циндао қаласында өтіп жатқан дзюдо бойынша Гран-при кезеңін жеңіспен бастады.
60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Сметов алғашқы белдесуінде Қытай өкілі Сунь Цзяхаоны жеңді.
Келесі айналымда қазақстандық спортшы Әзербайжаннан келген Балабай Агаевпен кездеседі.
Айта кетейік, Циндаодағы бұл турнир Елдос Сметов үшін 2024 жылғы Олимпиада ойындарындағы жеңісінен кейінгі алғашқы халықаралық жарыс болып отыр.
Еске салайық, Қытайдың Циндао қаласындағы дзюдо бойынша Гран-при турнирі 26–28 маусым аралығында өтуде. Қазақстан құрамасынан бұл жарысқа 19 спортшы қатысуда.