Елена Рыбакина «Ролан Гарростың» екінші айналымына шықты

Темирлан Мажекенов ··
Фото: Global Look Press

Фото: Global Look Press

Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина Франция ашық чемпионатының екінші айналымына жолдама алды.

Турнирдің екінші нөмірлі қатысушысы Рыбакина жарыстың алғашқы матчында словениялық Вероника Эрьявецті 6:2, 6:2 есебімен ойсырата жеңді.

Матч 1 сағат 16 минутқа созылды.

Айта кетейік, словениялық теннисші негізгі кезеңге last direct acceptance мәртебесімен қосылды. Яғни ол іріктеусіз негізгі торға тікелей өткен соңғы спортшы болды.

Келесі матчта 26 жастағы қазақстандық теннисші украиналық Юлия Стародубцевамен кездеседі.

Еске салайық, биылғы маусымда «Үлкен дулыға» санатындағы грунт турнирінің жалпы жүлде қоры 72 811 352 долларды (шамамен 34,05 млрд теңгені) құрайды. Өткен жылмен салыстырғанда жүлде қоры рекордтық 9 478 131 долларға (шамамен 4,43 млрд теңгеге) өсті.

Жекелей сындағы турнир жеңімпаздары 3 303 012 долларды (шамамен 1,55 млрд теңге) қанжығаға басады. Бұл 2025 жылғы чемпион алған сыйақыдан 401 988 долларға (шамамен 188 млн теңге) көп. Ал финалистерге 1 651 506 доллар (шамамен 772,2 млн теңге) сыйақы беріледі.

Елена Рыбакина «Ролан Гарростың» екінші айналымына шықты – sport-hub