Елена Рыбакина WTA рейтиңіндегі екінші орнын сақтап қалды
Бөлісу

Фото: Getty Images
Қазақстан құрамасының теннисшісі Елена Рыбакина Франция ашық чемпионаты басталар алдындағы жаңартылған WTA рейтиңінде екінші орнын сақтап қалды.
Қазақстанның бірінші ракеткасының еншісінде 8 083 ұпай бар. Әлемдік рейтингтің көшін 8 670 ұпаймен Беларусь өкілі Арина Соболенко бастап тұр.
Үшінші орында польшалық теннисші Ига Швёнтек орналасқан — 6 503 ұпай. Сондай-ақ үздік бестікке америкалық Джессика Пегула мен Аманда Анисимова кірді.
Юлия Путинцева WTA рейтиңінде 585 ұпаймен 44-орында тұр. Жібек Құламбаева 462-сатыда орналасса, Аружан Сағандықова 692-орында келеді. Ал Асылжан Арыстанбекова әлемдік рейтингтің 983-ші позициясында тұр.