Елена Рыбакина тарихтағы ең сұлу теннисшілердің рейтиңіне енді
Бөлісу

Фото: Jimmie48
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина SK нұсқасы бойынша барлық уақыттағы ең сұлу теннисшілер рейтиңінде 11-орынға жайғасты.
Тізімнің көшін бұрынғы ресейлік теннисші Анна Курникова бастады. Үздік үштікке сондай-ақ Мария Шарапова мен сербиялық Ана Иванович енді.
Рыбакинадан бөлек рейтингке Анна Калинская, Габриэла Сабатини, Крис Эверт, Эмма Радукану, Эжени Бушар, Каролин Возняцки, Паула Бадоса, Камила Джорджи, Мария Кириленко және Даниэла Гантухова да енген.
Қазіргі уақытта Рыбакина WTA рейтиңінде екінші орында тұр. Қазақстандық теннисшінің келесі жарысы Лондонда өтетін WTA 500 турнирі болмақ. Елене осы жолы маусымның шөп төсенішіндегі жарыс жолын бастайды.