Елена Рыбакина WTA рейтингінің жаңартылған нұсқасындағы орнын білді

Бегасыл Амирбай ··
Фото: Getty Images

Фото: Getty Images

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина WTA рейтингінің жаңартылған нұсқасында екінші орнын сақтап қалды. Әлемдік рейтингтің жаңа тізімі кезекті ойын аптасы аяқталғаннан кейін жарияланды.

Рыбакинаның еншісінде 8143 рейтингтік ұпай бар. Рейтинг көшбасшысы бұрынғысынша Беларусь теннисшісі Арина Соболенко (9090 ұпай), ал үшінші орында польшалық Ига Швёнтек (6733 ұпай) тұр.

Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева екі сатыға көтеріліп, қазір 85-орынды иеленіп отыр.

Басқа қазақстандық теннисшілер арасында Жібек Құламбаева 480-орында, Аружан Сағандықова 666-орында, Соня Жиенбаева бірден тоғыз сатыға жоғарылап, 750-орынға көтерілді, ал Асылжан Арыстанбекова әлемдік рейтингте 925-орында тұр.

Еске салайық, соңғы турнирде Рыбакина Лондонда өткен WTA 500 жарысының ширек финалында жеңіліп қалған еді.